
Сүйінбай
Аронұлы
(1815-1898
)
Сүйінбай ақын Алматы облысының Жамбыл ауданы,
Қарақыстақ ауылында дүниеге келген, сонда қайтыс болды. Қазақ халқының ақыны,
айтыс өнерінің шебері. Аронұлы Сүйінбай (1815 - 1898) – қазақтың әйгілі ақыны,
айтыс өнерінің майталман жүйрігі. Туып өскен жері Алматы маңы, Жамбыл ауданына
қарасты Қарақыстақ елді мекені. Осы өңірден топырақ бұйырған. Шыққан тегі Ұлы
жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Шежіре дерегі бойынша арғы атасы
Күсеп дәулескер қобызшы болған. Күсептен Арон, одан Сүйінбай туған. Сүйінбайдан
туған Малыбай, Бағыжан, Жетібай есімді балаларының ұрпағы өсіп өнген.
Сүйінбайдың ақындық дарының алтын бесігі халқының
ежелден қалыптасқан өнерпаздық дәстүрі. Әсіресе, ел ішінің сөз өнерін
әспеттеген ұлы дәстүріне жастайынан ерте ұштап, төңірегіне ерте танылады. Ел
аузында айтылатын:
«Екейде елу бақсы, сексен ақын,
Жаратып мінеді екен ерттеп атын.
Қобызға домбырасы үнін қосып,
Гулейді жын қаққандай кешке жақын»
деген өлең сол ортаның ән күй мен өлең жырды айрықша
дәтүр еткенін аңғартса, одан тағылым алып өскен Сүйінбайдың:
«Атыңнан айналайын Қызыр бабам,
Түсімде таңға жуық келді маған.
Білмеймін «өлең» деді, «көген» деді,
Сайрауық құстар келіп төнді маған»
деуі, оның ақындық дарынының ерте оянғанын аңғартады.
Сүйінбайдың даңқын елге жайған, ауыздан ауызға тараған шығармаларының бір
шоғыры өз кезіндегі хан қара, би төре, бай манаптарға, көз көрген
замандастарына қарата айтылған өлеңдері. Бұл өлеңдері, ол бір жағынан елдің
мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын, табанды да турашыл азаматтың тұлғасын танытып
отырса, екінші жағынан айтар ойын ұрымтал образ, ұтқыр ой арқылы жеткізуге
шебер ақынның тегеурінді қарымын танытады.
«Хан емессің, күйіксің,
Ұры қары залымның,
Жаныңа бәрін жиыпсың...
Дүниені жұтса тоймайтын,
Түпсіз жатқан ұйықсың,
Қадірің жоқ халыққа,
Аққан судай сұйықсың», дейді Сүйінбай.
Құнарлы сөз, кесек ой, келелі уәж оның поэзиясына,
эпикалық қарым, көркемдік сипат дарытып отырады.
Эпикалық қарымдағы ақын ретінде Сүйінбай халықтың әр
түрлі жыр дастандарын таңды таңға ұрып айтып, «Манас», «Көрұғлы», «Рүстем
Дастан», «Тотынама» сияқты туындыларды шығармашылықпен өзінше жырлаған.
Оның Сұраншы, Саурық батырлар туралы циклді өлеңдері
мен толғаулары нағыз эпик ақынның өресін танытатын өлмес мұра. Мұнда ежелгі
эпосқа тән асқақ рух, алапат теңеулер қарша борап отырады. «Лашын құстай
түйілген, ақ тұйғындай шүйілген» батыр тұлғасын, «отыз жылдай алысқан, қырық
жылдай шабысқан» дұшпан бейнесін нағыз жыраулық тегеурінмен сипаттайды.
Ол айбынды айтыскер ақын және батырлық эпостарды
жырлаудың шебері болған. Өтеген, Қарасай, Сұраншы, Саурық сынды қазақ батырлары
турасында қаһармандық дастандарын дүниеге келтірді. Оның
Тезек төре және Катаған ақындармен айтысы да дүйім
жұртшылыққа мәлім. Бұл айтыстарда ол орын алған әлеуметтік мәселелерді арқау
етіп, ерекше орындаушылық дарыны мен суырып салма ақын екенін паш етті.
Сүйінбайдың Тезек төремен кездесуі — кейінірек, ақынның ер жетіп, елге
танылған шағы. Қалың бұқараға сүйенген ақын тайсалмай сөйлеп, Тезек төрені де
жалайырдағы Солтанға ұқсатып ел алдында әшкерелеп, бас көтертпей жалынды
сөзінің күшімен бөгеп отырады. Тіпті көрші қырғыз халқының қанды балақ, орақ
ауыз Орман хан тұқымдарының орынсыз істерін де батыл сынайды. Ол шындық үшгін
күресіп, хан-төре тұқымының қылмыстарын бетіне басадй. Әр түрлі дауға түсіп,
әділ қазыдай әмірлі билік айтады.
|Ақынның бұлайша ел ісіне араласуы оның қоғамдық бетін
айқындайды, бетіне адам қаратпаған әрі ақын, әрі әкім төренің аузын буып, оның
төріне именбей шығып, табағынан ас, малынан бас беруге мәжбүр еткен —
Сүйінбайдың тас жібітер өткір де батыл тілі. Табиғатынан талантты ақынға ел
артқан сенім, ол көрсеткен сый-құрмет өшпес даңқ әперіп, бойындағы сарқылмас
талант бұлағының көзін ашты. Ақын енді үй айналасыңдағы әкесінің шағын
шаруашылығымен айналыспай, ағайын арасы ұсақ дау-шарға бөгелмей, ел кезіп, өмір
көру, ділмар-шешен ақындармен кездесіп, олармен дидарласу арманын алға
қояды.
Сүйінбай — халқымыздың поэтикасына жетік шебер тілді,
жүйрік ақын. Бұған оның билер мен төрелердд сынап, мысқылдап айтқан өлеңдерінің
өзі дәлел. Ақынның „Кәріілік" атты өлеңін еске алсақ, бұл да оның адамның
қартая бастаған өмір белестерін айқын бейнелеп, шендестіре сөйлеуге ұста екенін
танытады.
Ақын боп жиырмада желдей болдым,
Отызда асқар биік белдей болдым.
Отыз асып қырыққа келгеннен соқ,
Қаптаған жердін, жүзін селдей болдым.
Қырықтан асып, елуге келгеннен соң,
Түбім терең, құрақты көлдей болдым.
Елу асып, алпысқа келгеннен соң,
Салынды суға ілінген сеңдей болдым
Алпыс асып, жетпіске келгеннен соң,
Тап-тақыр ел жайлаған жердей болдым.
Ақынның бір арманы еліне әділетті өмір орнатып, еңбек адамын бақ-дәулетке ие ету. Берекелі, бейбіт елді, елі үшін еңіреп туған ерді көрсетіп, бұқара халықты әділ жолға бастар абзал басшыны, адал азаматты қадірлеу. Ел берекесі бірлікте екенін ескертіп, әсіресе, сыртқы жауға қарсы тұру үшін ауыз бірліктің маңызы ерекше екенін баса айтады.
Жау басынар халықты
Басқарушы оңбаса.
Малша айдап адамды
Орынсыз күштеп зорласа.
Ауға тускен балықтай
Шыға алмайсың бұлқынып,
Әділетшің болмаса
Күннің көзін жасырар,
Аспанды бұлт торласа.
Елдің бағы ашыла
Әділеттік орнаса.
Жамбылдан басқа ақындар да Сүйінбайды өздеріне ұстаз тұтып, оның таланты алдында бас иген. Сүйінбай қайтыс болғаннан кейін, бір топ ақын оған арнап жоқтау өлеңдерін шығарғану Мысалы Үмбетәлі ақынның жоқтауы 1935 жылы шыққан Сүйінбай өлеңдерінің алғашқы шағын жинағында басылды.Сүйінбайдың кейінгі ақындарға осылай үлгі-өнеге болғаньш айта келіп, профессор Е. Ысмайылов былай дейді: „Сүйінбайдың бүкіл Жетісу ақындарына, әсіресе, ең талантты шәкірті, келешегінен зор үміт күткен Жамбылға берген ақындық, ұстаздық жолында екі үлкен ерекшелік бар. Бірі — айтыста болсын, шындықты жеткізіп өткір, шешен, тапқыр тілмен тыңдаушыны қүмарландырып сөйлеуі, екіншісі — тарихта болған батырларды үнемі желілі жырға айналдырып айтуы ("Ақындар"— 103-бет).
Сүйінбайдың көпшілікке
мәлім, баспа бетін көрген өлеңдері тым аз және көркемдігі жағьшан да онша мәз
емес еді. Мұның өзі, ақын өлеңдерін алғаш жариялаушылар оның көп өлеңінің көзін
дұрыстап таппай, көркемдік мәнін солғындатып айтқан орашолақ ақындардың
аузынанжазып алып, тым жасытып жібергенін байқатады. 1935 жылы шыққан „Сүйінбай
ақын" деген оның түңғыш жинағы осындай болды. Бұл жинаққа ақынның
айтыстары мен бірен-саран жеке өлеңдері енген-ді. Ал, бұл жинаққа дейінгі „Жаңа
әдебиет" журналында (1926, № 6) жарияланған Сарыбас ақынға арнауы мен
Сәкен Сейфуллин жариялаған Сүйінбайдың кәрілік туралы өлеңі түпнұсқаға өте
жақын. Сүйінбайдың жоғарыда аталған 1930 жылдары жарық көрген көлемі шағын,
көркемдігі әлсіз шығармалары негізінде 1940 жылдардан бастап, Сүйінбай
шығармашылығын орта мектепке оқу құралдарына енгізу әрекеттері де істелді. Бұл
салада Қ. Жұмалиев пен Е. Ысмайылов тұңғыш қадамдар жасаған болатын.
Сүйінбайдың өмірбаянына қатысы бар кейбір мәліметтерді
жазушы С. Бегалиншң Жамбыл Жабаев өмірі туралы қолжазба кітабынан да
ұшыратамыз. 1955—1960 жылдары біз Сүйінбай шығармаларын жинау жұмысына
араласып, сол кезде көзі тірі көп ақындармен кездесіп, жаңа шығармаларының
көзін таптық. Әсіресе, халық ақыны Әбдіғали Сариев табыс еткен Сүйінбай
өлеңдері қүнды боп шықты. Онда бұрын жарияланбаған көптеген мәнді шығармаларына
кезіктік. Бұрын баспаға шыққан кейбір туындыларын жаңа табылған нұсқамен
салыстырып, олардың өзгешеліктерін тексеріп, түпкі асыл арнаның негіздерін
табыс еттік. Біз салыстырған ақынның Тезекке айтқаны, кәрілік, Сарыбасқа, сары
атқа айтқан арнауларынан біраз өзгешеліктер байқалады. Бірақ олардың жалпы
сарыны бір.
Осылайша 1960 жылдан кейін Сүйінбай творчествосына біз
жаңаша талдаулар жасап келеміз. Сөйтіп, ақын творчествосын зерттеудің 1960
жылдардан жаңа кезеңі басталды. Киров атындағы Қазақ университетінің әдебиет
кафедрасының аспиранттары мен студенттері де бұл жұмысқа атсалыса араласты.
Соның нәтижесінде ақын шығармаларының жаңа жинағы жасалды. Ел көкірегінде берік
сақталып жетсе де, асқақ ақьшның асыл туындыларымен оқырман көпшілік осы кезден
ғана толығырақ таныса бастады. Содан бері оның шығармаларының бірнеше басылымы
жарық көрді.
Аршын төс алғыр қыранның қанат қағысы суылдап, ерте естілгенмен, қолға қонбай, көңіл күпті етіп, көп жылдар ел көңілінде қалып келген-ді. Енді ақиық ақынның шабытқа толы толғауларына қол жетті. 1975 ж. „Жазушы" баспасы „Ақиық" атты ақынның жаңа жинағын шығарды. Бұл жинақ 1990 ж. тағы басылды. Сүйінбай Аронүлының шығармаларының жаңа басылымы халық сақтаған қымбат мұраны бір қыдыру мол қамтып, ақынның алып бейнесін толық танытты.
Ақынның қолда бар шығармаларын түгелдей қарастырсақ, оларды негізгі үш салаға жатқызуға болады. Олар: толғаулар, арнаулар, айтыстар.
Сүйінбайды тек қазақ елі ғана емес, көрші Орта Азия халықтары да жақсы білген. Әсіріесе, оның есімі — туысқан қырғыз халқына жете таныс.
Халық арасында оның "Мақсұгқа", "Қасымға", "Жетісу билеріне", "Болыстарға баға", тағы да басқа сатиралық өлендері кеңінен танымал.
Сүйінбай - өзі туып-өскен еңбекші халық ортасында
жасап, сол ортадан тәлім алып, жетілген өнер саңлағы, дәуір қайшылықтарын аша
да жырлай да білген шыншыл ақын. Оның шағармалары - өзінің өміршендігі мен көркемдігі
мен құнды.

Руға, атаға, бай мен кедейге бөлінген ол кездегі ауыл ішінде Жамбыл кейбір ақындардың байларды мақтайтынын, керісінше, бірсыпырасының еңбекші халық мүддесін жақтайтынын көреді. Жас Жамбылдың алғашқы өлеңдері Жетісу бойына атағы жайылған Сүйінбайға қатты ұнайды, ол бала ақынға көп ақыл береді, сөз өнерін сүйе білуге баулиды.
Сүйінбай Аронұлы жас ақынның талантын көріп: «...Балам, өз өлеңіңді шығар, бірақ оның жұрт жаттап алатын, ешкім ұмытпайтын елең болсын, сенің өлеңің жеке адамдардың көңілін көтеріп, солардың сүйініп отыратын өлеңі болмасын, бүкіл халық сүйіп тыңдайтын өлең болсын. Көмекейің емес, жүрегің сөйлейтін болсын. Шындықты айт, әділдікті жырла, көне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, тың жолға, даңғыл жолға түс, төңірегіңде не болып жатыр, соны аңғар, соны біл», - депті.
Ақындық өнерді сән үшін емес, қарапайым халықтың мұңын мұңдап, оғын жоқтау үшін пайдалану қажет екенін түсінген Жамбыл өзінің алғашқы ірілі-уақты өлеңдерінде-ақ байларды мінеп-шенеп отырады. Әсіресе Досмағамбетпен айтысында мұндай әлеуметтік теңсіздік тақырыбын ақын тереңнен қозғауға ұмтылады. Жамбыл өз өлеңдерінде бай мен билердің, төрелердің елге жасаған қиянаттарын әшкерелейді, халық мүддесін өз өлеңдеріне арқау етеді.
Қазақтың ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерінен көп үйренген Жамбыл өзінің өлең шығару шеберлігін де, айтыстағы шеберлігін де арттыра түседі. Жамбыл айтыста Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет сияқты бірсыпыра ақындарды жеңген. Айтыс ақыны болып жүріп мысқылшыл уытты өлеңдерді табанда айтып тастауға машықтанады және жырларында өз заманындағы ақындардың көбінен озық екенін танытады.
Байлардың, патша әкімдерінің ақындық талантты тұншықтырмақ болған әрекеттеріне Жамбыл батыл қарсы шығады. 1913 жылы Алматы уездік әкімдерінің Николай Романов патшаның тұқымын мақтап жырла деген бұйрығын орындаудан бас тартады.
ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарында Жамбыл белгілі ақын болады. Бұ кезде ұсақ өлеңдермен қатар, көлемді жырлар да шығарады. Патша династиясының 300 жылдығына арналып Алматыда көрме ұйымдастырылады. Көрмеге қазақ байлары ақ үйлерін тігіп, қымбатты дүниелерін қойып, жасауларын жияды. Қазақ байлары мен әкімдерінің бұл жағымпаздық қылықтарын шенеп, Жамбыл «Өстепкеде» (көрмеде, орыстың «выставка» деген сөзінен алынған) деген өлең шығарады.
Үйсін, найман саңлағы,
Өстепкеде жиылдың.
Елде жүрген Егейлер
Қалада құр үйілдің.
Ұлық көрсең ұйлығып,
Желді күнгі қамыстай
Жапырылып иілдің
Келтірдіңдер намысты,
Бек қорланып күйіндім.
Жоқшылықтан, қаналудан азып-тозған бейшара кедейлердің аянышты хәлі Жамбылға зор әсер етеді. Ол еңбекші халыққа себім, пайдам тисе екен деп ойлайды, солардың мүддесіне лайық өлең жырлар шығарады.
1916 жылғы көтеріліс кезінде Жамбыл халықпен бірге болып, патшаның майдандағы қара жұмысқа адам алу туралы жарлығына қарсы үгіт айтады. Ел арасындағы толқуды көрген патша әкімдері халықты алдап, үгіт таратады. Бұған қазақ ақындарын да тартпақ болады. Осы мақсатпен патша әкімдері ел ішіндегі бір топ ақынды, ішінде Жамбыл да бар, Алматыға айдап әкеліп, ат қораға қамап қойып қорқытып, патшаның жарлығын қолдап жыр айтыңдар дейді.
Осы оқиға жөнінде Жамбыл:
Үгіт айт, патшаны мақта деді,
Болып жатқан соғысты жақта деді.
Жыр айтсаң, құдай менен пайғамбарды айт,
Онан басқа жырыңды таста деді, -
дейді.
Сөйтіп, әкімдердің бұл бұйрығын Жамбыл бастаған бір топ ақын орындамайды. Бір жеті қамап күштесе де, айтқанын істете алмаған патша әкімдері бұларды босатып жіберуге мәжбүр болады.
Халықтың азаттық көтерілісін патша үкіметінің жазалаушы отрядтары қарулы күшпен аяусыз басты. Көтеріліске қатысқан, оған басшылық еткен адамдарды қолға түсіріп, жазалап, атып-асып отырды. Бұл ауыр күндерді өз көзімен көрген Жамбыл «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» атты өлең-жырларын шығарды.
Бір жағынан, патша әкімдерінің, екінші жағынан, бай мен болыс-билердің қуғынына ұшырап, талан-таражға түскен халық қатты күйзеліске ұшырайды. Бұл кезде жасы 70-ке жетіп қалған Жамбыл өлеңнен қол үзеді.Революция туралы Жамбыл «Менің бақытым» деген әңгімесінде: «Мен шыңыраудан шығып, тамаша гүлдерді, жұпар иісті шөптерді, қыруар араларды, сымбатты үйлерді көрдім. Мен нағыз күнді көрдім. Таудың асыл тасындай таза ауада дем алдым. Менің жаным да алма ағашындай гүлдеді. Көзім жұлдыздай жайнап, кеудемді шаттық кернеді. Өлеңдерім Іле өзеніндей тасыды. Сен жасардым, 18 жасар жігіттей шығыма келдім», - дейді. Революция әкелген «тәуелсіздік пен бостандық» тек Жамбылдың ғана емес, бүкіл езілген еңбекші халықтың қуанышы болды.
20-жылдары Жамбыл бастаған халық ақындары қазақ аудандарындағы құрылыс жұмыстарына белсене араласып, жаңа бостандық өмірді шаттық сезіммен жырлайды. «Қазақстан тойына» (1924), «Замана ағымы» (1927) атты ұзақ жырларында жамбыл қазақ еңбекшілерінің қол жеткен жеңістерін жырлайды.
">1929 жылы Жамбыл колхозға мүше болып, өзі қайтыс болғанға дейін ол Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Жамбыл атындағы колхозда тұрды.
1936 жылы Жамбыл халық өнерпаздарының республикалық слетіне қатынасып, ақындық жарысқа түседі. Осы слетте Жамбыл жыр, толғаулар шығарады.
Сол жылы Мәскеуде қазақ өнерінің онкүндігі өткізілді. Жамбыл осы онкүндікке қатысып, осы сапарда «Халықтың сәлемі», «Дастархан жыры», т.б. жырларын айтып, таратты.
Жамбылдың ақындығы бүкіл жұртшылыққа бірден танылды. Халық поэзиясын өркендетудегі еңбегін айрықша бағалап, кеңес өкіметі осы жолы Жамбылды Еңбек Қызыл Ту орденімен наградтады.
Бұл құрмет, сый, қамқорлық Жамбылдың ақындық шабытын өрлетті. Бұл жылдары көптеген өлең-жырлар шығарды.
1937 жылы грузин халқының ұлы ақыны Шота Руставелидің туғанына 750 жыл толды. Одақтың барлық халықтары бұл мерекені зор құрметпен атап өтті. Грузияда болған салтанатты жиынға Қазақстан делегациясының басы болып Жамбыл қатысты. Қарт ақын бұл сапарында көп жерлерді көріп, туысқан Грузия халқының ақыны Шота Руставели туралы, Отан туралы, «Кавказға», «Ақынға», «Кавказға сәлем», «Өмір жыры» деген өлеңдерін шығарды.
1938 жылы мамыр айында Жамбылдың ақындық қызметінің 75 жылдық мерекесі өткізілді. Бұл күндері Жамбылды Кеңес Одағының барлық халықтары құттықтады. Шетелдердің прогресшіл мәдениет қайраткерлерінен де құттықтау телеграммалар келді. Мереке бір жағынан халқымыздың сан алуан, бай өнерінің, өсіп-өркендеген мәдениетінің зор айғағы болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Жамбылды Ленин орденімен наградтады.
1938 жылы КСРО Конституциясы негізінде Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесінің тұңғыш сайлауы өткізілді. Жамбылды осы сайлауда халық Жоғарғы Кеңесіне депутат етіп сайлады. Жоғарғы Кеңесінің 15-шілдедегі бірінші мәжілісін Жамбыл ашты.
Соғыс қарсаңында Жамбыл Москваға тағы да барып, ондаған оқу, өндіріс, мәдениет орындарымен танысады. Ақынның бұл кездегі бірсыпыра өлеңдері «Правда» газетінде басылады. Бұл өлеңдері туысқан республика халықтарының тілінде және шет тілдерге де аударылады. 1939 жылы үкімет Жамбылды Құрмет Белгісі орденімен наградтады.
Жамбыл өзінің Кеңес Одағының әрбір маңызды оқиға мен әрбір қол жеткен табысқа үнемі ақындық үнін қосып отырады.
«Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты тарихи тақырыпқа арналған поэмаларын ақын асқан шабытпен, жаңа мән, мағына беріп жырлады. Ақын ол екі поэмасын да бүгінгі заманмен, бүгінгі өз сезімі, өз қуанышымен аяқтайды. 1941 жылы үздік шығармалары үшін Жамбылға Мемлекеттік сыйлық берілді.
Соғыс жылдарын Жамбыл жалынды, өткір өлеңдерімен халқымызды бейбіт елімізге тұтқиылдан тиген жаудан кек алуға жігерлендірді.
Өмірінің соңғы жылдарында жиі науқастанған Жамбыл 100 жасқа аяқ басқанда, 1945 жылы 22 маусымда қайтыс болды.
1946 жылы Жамбылдың туғанына жүз жыл толуын республикамыз үлкен мереке етіп өткізді. Жамбыл шығармаларының академиялық жинағы басылды. Кейінгі жылдарда ақын еңбектері бірнеше рет орыс тілінде басылып шықты. Ғалымдар Жамбыл поэзиясының ерекшеліктерін зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Жамбыл үйі мұражайға айналдырылды. Байтақ Отанымыз бен шетелден к