Атырау облыстық білім беру
департаменті
«Жергілікті ақын-жазушылар мұрасы
– болашақ ұрпақ қазынасы»
атты облыстық ғылыми -
әдістемелік конференциясы
БАЯНДАМА
Тақырыбы: « Мұрат Мөңкеұлы
мұраларының тағылымы»
Баяндамашы: Атырау қалалық Жалпы білім беретін
Абай Құнанбайұлы атындағы
№15 орта
мектебінің жоғары санатты
қазақ тілі
мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Қыдырова Бағытгүл
Мұрат
Мөңкеұлы мұраларының тағылымы
Замана сырын, өз дәуірінің елеулі оқиғаларын шынайы бейнелеген дүлдүл
жыраулар мен ақпа ақындар мұрасы халқымен бірге жасап, кейінгі ұрпақпен табысып
отырады. Сондай жыр жүйріктері ішінде Мұрат Мөңкеұлының орны ерекше.
Мұрат
Мөңкеұлы – қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі, Махамбеттен кейінгі
мақтанышымызға айналған заманының озық ойлы тұлғасы.
Зар заманның
ең ірі ақыны Мұрат Мөңкеұлының мұралары – төл тарихымыздың, мәдени дамуымыздың
алтын тінін сақтап қалған, кейінгі мен ілгерінің арасына дәнекер болған, жаңа
дәуірге жол ашқан, қазақ ұлтының арман – мұратын келесі ұрпаққа жеткізген рухани қазына.
Елдің
бірлігі кетіп, шырқы бұзылған кез- «Ресей патшасының шеңгеліне ілініп»,тәуелсіздіктен
айырылған кезде өз жыр – толғауымен халықтың мұң – қайғысына ортақтаса үн
қосқан ақын «Үш қиян» өлеңінде:
Еділді тартып алғаны-
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны-
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойдағысы болғаны.
Маңғыстаудың үш түбек –
Оны – дағы алғаны.
Үргеніш пен Бұхарға
Арбасын сүйреп барғаны,
Қоныстың бар ма қалғаны ? – деп жерден айырылудың
үлкен қайғы екенін түсініп , сол кездегі саяси - әлеуметтік жағдайды шыншылдықпен
бейнелей отырып, өз халқының тәуелсіздігін армандағанын анық байқатады. Өз
заманының тыныс –тіршілігін сезініп, әбден түсінген ақын ,заман азған жоқ,сол
замандағы адамның азғанын , өзгергенін :
Заман азып не қылсын –
Ай орнынан туады,
Күн орнынан шығады.
Мұның бәрі адамнан...
Адамның азған белгісі –
Екі кісі дауласса ,
Тату бол деп айтпайды,
Екі айырып арасын.
Шапағат , қайыр қалмады ,
Жақын-жуық жараннан.
Атқа мінген жігітке
Қалмады нәрсе қарардан ,- деп адамдар арасында береке , бірліктің жоқ
екенін , дауласқан адамды қой деудің орнына- қыздырып өршіте түсетін қу, арамзалардың
бейнесін сынға алады.Ұрпақтың имандылықтан ажырап бара жатқандығынан
қауіптенді. «Жігіт бойындағы нағыз азаматтық қасиеттер азайып, үлгі болар ер
намысын жоғалттық», - деп толғап, ел билеуші әкімдердің зорлықшыл сорақы
қылықтарына қатты күйінеді. Қазақтың көшпенді өміріндегі ұлт тәрбиесін өз
кезеңіне өлшем етіп қойды.
Мұрат ақын шындықтың бетін ашып ,қолында малы, ақшасы жоқ жақсы- жайсаңдардың сөзі жүрмейтін болды. Ақшасына
сүйенген ақымақтардың билікке ие
болғанын , көзі көрген ащы шындықты дөп басып айтады.Бәрібір олардан еш жақсылық
күтуге болмайтыны ашық айтып, «Халық
тағдырын жаны ашитын нағыз ер-азаматқа тапсыруымыз керек» дей келе , бір өзі мыңға татитын асылды армандап, қоғамдағы
әділдікті , халықтың бақытты болашақ өмірін аңсады.Халықтың мұң-зары Мұрат
поэзиясының маржаны болып төгіледі.Тіпті ол кездің өзінде ақынның толғауынан бүгінгі күннің
келеңсіз жайттарын көргендей боламыз. Мысалы:
...
Кейінгі туған баланың
Ұстай ма деп білегін,
Шая ма деп жүрегін ,
Шашын , мұртын қидырып ,
Ащы суға тойдырып,
Бұза ма деп реңін ,- деген өлең жолдарынан –ақ көз жеткізуімізге болады.Отарлаушылардың
ойранын көрген соң , ұрпақтың келешегіне күдікпен қарайды.Бүгінгінің көзімен
қарасаң , жыр жампозының өлеңмен өрнектеген тұжырымдарының қалт кетпегеніне куә
боласың.Ең бастысы , халқына тыныштық ойлап , «келешекте береке ,бірлік болса ,
жастар бойында асыл қасиеттер сақталса» деп армандағанын анық көреміз.
Мұрат
Мөңкеұлының өзіне дейін де , өзінен кейін де ешкім толғамаған «Үш қиян» мен
«Сарыарқа» атты толғауларын жырмен жазылған қазақ тарихы деп бағаласақ , артық
кеткендік болмас. Бұл толғауларда Аллатағаладан бастағанда оннан астам
пайғамбар мен әулие-әнбиелердің , алпыстан аса халықтың , ұлыстың , рудың
аттары мен ұрандары , отыздан аса би-шешендердің , сексендей батырдың , он
бестей хан – сұлтандардың есімдері аталады. Бүгінгі мекендеп отырған ата
қонысымызды бұдан ондаған ғасыр бұрын кімдер мекендеген, қандай халықтар мен
ұлыстар қоныстанып , көшіп – қонғандығы да айқын айтылады.Мұрат ақын қазақтың
қанша жүзге , руға бөлініп, қай жерлерді мекен еткендіктерін айтып қоймайды,
сонымен бірге он сан Оймауыт, Тоғыз сан Торғауыт , сегіз сан Сейілхан , он
таңбалы Ұрым , қырық таңбалы Қырым , он екі баулы Өзбек деп оларды да
бас-басына таратып береді.Бұл Мұратты шежіреші – тарихшы екенін дәлелдейді.
Мұрат ел билеген хан-сұлтандарды әз-Жәнібектен бастап , Жәңгірмен аяқтайды.
Билер
тобын Асан қайғыдан бастап, «аузына һарам салмаған , ортадан пара алмаған» деп
қасиеттеп , өз заманындағы билерге үлгі-өнеге етеді.Сол билердің есімін атап
қана қоймайды, қай жерді мекендегенін , ел үшін еткен еңбегін қоса баяндайды.Мұрат
толғауларында аталған тұлғалар - өткен тарихымызды айшықтап , кешегі күніміздің
бағасын арттыра түсетін , әрісі аңыз- әңгімелерге , бергісі дерегі бар шежіре
жазбаларға арқау болған белгілі кісілер
,Мұрат ақын соларды ұлы көштің үстінде , ел бастаған кейіпте көреді.Мұраттың
басқаларда жоқ осы ғұлама – шежіреші ақындығын өзгелерден бұрын танып білген
Х.Досмұхамедов 1923 жылы : - «Ескі тарихтық сөздерді , елдің шежіресін Мұрат
өте жақсы білген ... Қазақтың тарихын
жазған адам Мұрат секілді ақындарыдың сөзін елеусіз тастай алмайды», -
деп жазса , С.Сейфуллин 1931 жылы «Қазақ
әдебиеті» деген еңбегінде :- «Мұрат ақынның
жырларында «ноғайлы» , «қазақ» деген сөз бір-ақ елдің аты және ноғайлы
батырлары мен билері – қазіргі қазақ
елінің бұрынғы өз адамдары . Бұл тарихи дұрыс» - деп жазды. Қазақ
халқының тарихын жазған ғалымдар С.Аспандияров пен М.Тынышбаев қазақ халқының
басынан өткен қилы-қилы замандарды түгел қамтып тану үшін Мұрат жырларына
жүгінген дұрыс деп түйеді. Мұрат ірі ақын ,айтыстың майталман жүйрігі болумен
қатар ұзақ эпикалық жырларды таңды таңға ұрып жатқа айтатын сұңғыла жыршы , оны
әдемі саздарымен бабына келтіре
орындайтын өнерпаз болған.Ол - ХУ ғасырдағы ноғайлы дәуірінен басталатын
«Қырымның қырық батыры» атты жырды ауызша жеткізушінің бірі.
Сонымен ла өгіздей мөңіреткен,
Атқан оғы Еділ,Жайық тең өткен» деген өлең жолын «Қайта туған Махамбет»(Х.Ерғалиев) атанған зар заман жыршысы «Еділде тұрып оқ атса ,
Жайыққа оғын жоғалтқан.
Жайықта тұрып оқ атса,
Еділге оғын жоғалтқан» ,-деп келтіреді.Мұрат бірде Махамбетті «Еділ үшін егесіп,Жайық үшін жандасып,Қиғаш үшін қырылып,Тептер үшін тебіскен» күйде қайталаса , енді бірде : «Еділді келіп алғаны , Етекке қолды салғаны», - деп түрлендіре түсіп, жаңаша өрнек салады. Екі ақында да «Еділ-Жайық» атамекендік ұғымға айналып , жауға қимайтын, жатқа бермейтін қастерлі дүние ретінде , азаттық үшін арпалыстың символы санатында сипатталады.Жыраулық дәстүрдің үлгісін сақтаған Мұрат Мөңкеұлы Махамбет өлеңінің «Еңселігі екі елі , Егіз қоян шекелі» деген жолын «Шекелігі үш елі» деп жалғайды.
«Бұ заманның шағында , Махамбеттей зарығып , Мұңды болған қайда бар?-деп бір сәт қайғылы кейпін де танытып өтетін Махамбеттің жорық жырлары мен «Қынапты қара қылышты , Салып кетсем кесермін» деп бір сәт өр мінезін аңғартып кететін Мұраттың шерлі өлеңдерінің арасында берік сабақтастық ,үйлесімді үндестік бар.Халықтың көкейкесті арман-мұратын , биік рухын толғаған екі ақпа ақынның халқының қамын ойлағанын,елім,жерім деп толғанғанын жас ұрпаққа сезіндіру- игілікті іс.
«Өнердің кәусар туындысы халық өмірінің терең және мөлдір қайнарынан шымырлап шығады да , сол халықтың өзінің рухани сусынына айналады» , - деп З. Қабдолов айтқандай, жырларын жасындай ойнатқан Мұрат Мөңкеұлының мұраларын баға жетпес рухани құндылық ретінде санап, ұрпақ тәрбиесінде басшылыққа алатын өмірлік қағидаларды топтаған жәдігерлік дүниелер деп танығанымыз жөн. бірге, Мұрат - Махамбет өлеңдерін жатқа білген және кейінгі ұрпаққа жеткізген
ақын.Махамбет ар-намыспен , ыза – кекпен көркемдеген өлең сөзді Мұрат одан әрі
әрлеп - әдіптей түсті.
Бар болмысымен «қасірет синониміне, қасиет символына айналған»(З.Қабдолов) ақынның «Адырнасын а