Суббота
26.07.2025
06:35
Приветствую Вас Гость
RSS
 
Өнер алды-қызыл тіл
Главная Регистрация Вход
Пайдалы болжамдық кеңес »
Құрметті тіл жанашырлары және ұстаздар, ізденімпаз оқушыларым мен қонақтарым,қош келдіңіздер!
Сайт мәзірі

Бейнероликтер

Күнтізбе
«  Июль 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Ылғи да сүт, ірімшік, йогурт жегіңіз келіп тұратын болса, онда бұл ағзаңызға ақуыз (белок) жетіспейтінін білдіреді.

* * *

Егер кептірілген, ысталған балыққа құмартсаңыз, онда ағзаңыз ақуыз бен майды қажет етеді. Оның жетіспеушілігі ми жұмысын әлсіретіп, қалыпты гормоналдық жетілуді тежеуі мүмкін.

* * *

Ылғи да тұзды нәрсеге аңсарыңыз ауып тұратын болса (бірақ, оның жүктілік пен жеріктік секілді нақты себебі болмаса), онда физикалық жұмысты азайтып, дәрігерге қаралғаныңыз жөн. Бұл қалқанша бездің (щитовидное железо) жұмысында кінәрат барын білдіреді.

* * *

Қуырылған, пісірілген немесе шикі жұмыртқа жегенді ұнатсаңыз, бұл ағзаңызға ақуыз бен А дәрумені жетіспейтінін білдіреді. Сондай-ақ, иммунитетті күшейту керектігінен де хабар береді.

* * *

Қышқыл дәмді, мәселен, лимонды тітіркенбей, шайнап жей беретіндер, тұздалған орамжапырақты ұнататындар гастроэнтерологқа қаралғаны жөн. Өйткені, олардың асқазанындағы қышқылдың бөлінуі қалыпты емес.

* * *

Сарымсақ, пияз, қызыл бұрыш сияқты ащы тамақты ұнатсаңыз, денеңіздің суықтағаны деп біліңіз.

* * *

Кофе, какао, қара шайды жақсы көретін адамдардың қан қысымы төмен болуы мүмкін.

Жөтелді басатын қоспа: 2 шай қасық сары май, 2 шикі жұмыртқаның сарысы, 2 десерт қасық ұн немесе крахмал және 2 десерт қасық бал алып, бәрін мұқият араластырасыз. Осы емдік қоспаның 1 десерт қасығын күніне бірнеше рет ішіп отырсаңыз, жөтел азабынан құтыласыз. Бұл қоспа қатты жөтелді басумен қатар, әлсіз өкпені нығайтуға да көмектеседі екен.

Пияздың пайдасы

Қатты жөтелден арылмасаңыз, пияздың көмегіне жүгініңіз. Ол үшін әйнек бөтелкені туралған пиязбен толтырып, бөтелкенің сыртын қамырмен қаптап, духовкаға салыңыз. Сырты пісті-ау деген кезде духовканы өшіріп, суығанын күтіңіз. Содан кейін қамырынан аршып, бөтелкедегіні үлкен екі ас қасықтан күніне 3-4 рет қабылдайды, ал балаларға бір ас қасықтан берсе де болады. Мұндай ем созылмалы гастриті барларға да зиянын тигізбейді.

Шамамен 50 грамм мейізге 200 мл қайнаған су құйып, жарты сағат қоя тұрады. Сосын оған бірнеше пияздың сығып алынған сөлін (үш ас қасық көлемінде) араластырады. Бұл тұнбаны жөтел кезінде күніне бір рет жатар алдында бір жұтым шамасында қабылдап алған жөн. Сонда жөтелден тез құтыласыз.

Халық емі:

Бронхиттен құтылуға пияздың пайдасы зор екен. Ол үшін бес пияз, жеті ас қасық бал, бір лимонды дайындап алып, ұсақтап турап немесе үккіштен өткізіп, балды қосып, тұнба жасап алу керек. Тұнбаны күніне 2 рет бір ас қасықпен ішкен дұрыс. Пияздың тағы бiр пайдасы, оның бір өзін аршып алып, бүтіндей бір стақан сүтке салып, 3-4 минут қайнатады. Пияз жұмсарып, дәмі сүтке сіңеді. Пиязды алып, ортасынан кесіп жеу науқасқа пайдасын тигізеді. Ал сүтті бір ас қасықпен 2-3 сағат сайын ішу де ем.

Лимонның шырынын шығарып алып, оны да дайын болған қоспаның үстіне қосып араластырады. Тұнба дайын болғанда 2-3 шай қасығымен 3-4 рет 10-14 күндей ішу қажет. Бронхитке қарсы жақсы емдердің бірі – қара шомыр (редька). Ол үшін шомырды үккіштен өткізіп, дәкеден сүзіп, шырынын шығарып алған жөн. Бір ас қасық сұйық бал қосып араластыру қажет. Күніне тамақтанар алдында және кешке қарай екі ас қасық ішу керек. Сондай-ақ балдың орнына қантты да пайдалануға болады. Ол үшін шомырды жіңішкелеп кесіп әрқайсысына қант сеуіп, бетіне шыққан шырынын жинап, әр бір сағат сайын ішсе болады. Немесе қара шомырды алып, ортасын ойып, бір ас қасық балды ортасына салып, бір күн қойып ішсе де пайдалы.

 

Баспа (ангина)
Баспаға ұшыраған кезде қа­ра зере майының екі-үш тамшысын тамызғыш арқылы таңдай бездеріне тамызады. Болмаса мақтаны майға батырып, онымен таңдай бездерін сүртуге болады. Осы емді күніне үш-төрт мәрте қайталайды. Емнің ұзақтығы екі-үш күн.

Созылмалы баспа
Созылмалы ангинада мақтаны қара зере майына батырып, онымен таңдай бездерін сүртіп, сосын сыртқы аймағын маймен сүрту керек. Содан кейін мұрын­ға бір-екі тамшы май тамызады­. Егер қыздырса, мұрыннан қақы­рық түсірсе қорықпаңыз. Ол бес-он минуттан кейін тоқтайды.
Құлақ ауруы
Құлаққа бір тамшы қара зе­ре майын тамызу керек. Ол құ­лақты тазалап, ауруын басады. Жарты шай қасық қара зере майын күніне бір рет ішу керек.
Көк бауырдың қабынуына қарсы
Бір стакан қайнаған суға бір шай қасық укропты қосып үш-бес минут қайнатады. Оған жеті тамшы қара зере майын қосып, бір апта ішу керек.
Мұрынның бітелуі
Қара зере майына малынған мақтаны 15-20 минут мұрынға қояды.Тұмау қатты тигенде мұны қайталайды.
Жөтел
Күшті жөтел кезінде 3-5 тамшы қара зере майын тілдің түбіне таңертең және кешке тамызады.
Кеуде аурулары және суық тию
Жарты ас қасық қара зере майын қайнап тұрған суға тамы­зып, буымен демалу қажет. ¬а­қырық түспеген жағдайда жарты шай қасық қара зере майын жарты стакан лимон шырынымен қосып ішу керек. Оған аздап бал қосып ішуге болады.
Әлсіздік
Он тамшы қара зере майын бір стакан апельсин шырынымен­ араластырып, таңертең ұйқыдан оянған мезгілде ішу керек. Мұны 10 күн бойы қайталайды.
Белсіздік
1,5 стакан бал, 1 стакан кепкен өрік, 1 стакан мейіз, 2 лимон­ қабығымен, 1 стакан грек жаң­ғағын ұнтақтап, араластырасыз. Осы қоспаны тамақ жеуден бір сағат бұрын 1 ас қасығымен кү­ніне үш мәрте қабылдайды.
Жыныс жолдарының қабынуы
Жақсылап жуынып, жатар алдында ауырған жерге қара зере майын жағу керек. Емді 7-10 күн қайталайды.
Мастит
Кеудені қара зере майымен сылап, компресс қою керек. Оны тәулігіне екі рет, таңертең және кешке ауыстыру қажет.
Шаштың түсуі
Шаштың түскен жеріне қара зе­ре майын жағады. Сонымен бірге, тамақтан 15 минут бұрын, таңертең және кешке, жарты шай қасық қара зере майын 1 ас қасық бал қосылған жарты стакан сумен ішу керек.

 Сұрақ: – Ауырған кезде дәрігерлер тілді не үшін тексереді?

         Жауап: – Ішкі мүшелердің жағдайын тіліңіз айтады. Тіліңіздің бет қабаты жарылып, шеттерінде тіс табы қалады. Сау қалыпта тіліңіз ылғалды, қызыл шырайлы, таза болады.

 

         Бозарып кеткен тіл – қанның дұрыс айналмайтынын, жүректің нашар жұмыс істеуін және қан тамырларыңыздың шырышқа толып кеткенінің көрсеткіші.

Тілдің бозаруы сондай-ақ, қанның қызыл түйіршіктерінің азайғанының тікелей көрсеткіші.

         Егер тіліңіздің үсті сарғыш немесе сарғыш жасыл болса бауырыңыз дұрыс емес, запыранның ішекке жиналуын, өтке запыранның келетін жолының бітелуін, қан тамырларыңызда қанмен қоса запыранның айналып жүргенінің айғағы.

Таңертең тұрғанда аузыңызда кермек дәм болса, өтіңіздің бұзылып тас байланып жатқаны.

         Егер тіліңіз жасыл көкшіл болса, онда жүрегіңіз әлсіз, ішкі қуатыңыздың азайғанынң белгісі.

         Тіліңіздің шетіндегі тістің табы – ішегіңіздің сіңіру қабілетінің нашарлығын және асқазаныңыздың тамақты қортпайтынының көрінісі.

         Егер тіліңізді қоймалжың ақ уыз басып алса, ағзаңызда улар бар. Мысалы: тіліңіздің ұшындағы ақ уыз удың ішекке, ал ортасына жиналса асқазаныңызға, егер астына жиналса онда жүрегіңізге шоғырланғанының дәлелі.

         Тіліңіздің ортасындағы жолақ омыртқаңыздағы кеселді, беліңіздің ауратынының, ал жолақ қисық болса хандроздың көрсеткіші.

 Лимонды пайдаланыңыз!

Лимон кез келген сыр-қатқа ем. Ащы болғанымен бұл жемістің құрамында түрлі витаминдер бар. Қысқасы, емдік қасиеттерге толы. Біз төменде лимонның бірнеше емдік қасиеттерін ұсынып отырмыз...
* Лимон — витаминге толы бағалы жеміс. Құрамында С және В витаминдері бар. Сондықтан лимон сусыны арқылы ауызды, тісті және ауыз уыл-ғанды (стоматит) емдеуге болады.
* Сары май және лимон мен 2 ас қасық бал араластырып, денедегі ақ қанды түйіршектерге қарсы инфекция жасауға болады. Бұл үшін 1 түйір лимонды сәл-пәл ыстық суда ұстап, еттартқыштан өткізесіз. Оның үстіне 100 гр қаймақ майы мен 2 ас қасық бал құяды. Дайын болған соң күніне 6-8 рет ішуге де немесе қара нан-ға жағып жеуге де болады.
*Лимон қабығын қантқа қосып жесе, ас қорыту мүшесі жақсарады.
* Ал есту қабілетін жақсарту үшін лимонды қабығымен жеу қажет.
* Лимон сусыны тамақ ауруына да бірден-бір ем. Ол үшін бірнеше лимон шырынын алып, шағын кастрюльге құйып қайнату керек. Үстіне 1 ас қасық бал құйып араластырасыз. Күніне 2 ас қасығын пайдаланады.
* Лимон склерозға да ем. Бір түйір лимон мен сарымсақты үккіштен өткізіп, үстіне 1 литр ыстық су құяды. Бұл екі күн беті жабық ыдыста тұруы қажет. Дайын болған соң күніне үш рет 1 ас қасығын ішу қажет.
* Аяғы ауыр әйелдерде лимон пайдаланғаны жөн. Себебі лимон токсикоз кезінде көп көмегін тигізеді.
*Лимон асқазанға, ішекке және бүйрекке, жүрекке ем. Күнде қолданбағанымен аптасына жеп тұру керек.
*Денедегі қызуды төмендетуге лимонның көп пайдасы бар. Бұған көп әуреленудің қажеті жоқ. Лимон сусынын ішсеңіз жарап жатыр.


Біздің сұраныс
Оцените мой сайт
Всего ответов: 148

Достар хабары
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Әр түрлі шаралар

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0