Суббота
26.07.2025
06:39
Приветствую Вас Гость
RSS
 
Өнер алды-қызыл тіл
Главная Регистрация Вход
Бауыржан Момышұлы - мақтанышымыз »
Құрметті тіл жанашырлары және ұстаздар, ізденімпаз оқушыларым мен қонақтарым,қош келдіңіздер!
Сайт мәзірі

Бейнероликтер

Күнтізбе
«  Июль 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Бауыржан Момышұлының артында қалған өсиет, нақыл, қанатты сөздер

Батырдан қалған өсиет

Қазақтың Бауыржан Момышұлындай ұлы перзентін таныстырып жату артық. Ел оның ерлігін, жазған кітаптарын біледі. Оның мірдің оғындай қанатты сөздері де халықтың аузында жүр. Сөйтсе де сол сөздерді жүйелеп беріп, жинақтаса, ол жаңа бір сипатқа еніп, халқымыздың батыр ұлының абыздық қырын аша түседі екен.


Ерлік – тәрбие жемісі.

Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр.

Солдаттың анасы – Отанның анасы.

Ақылды кісінің сөзі де, өзі де сүйкімді.

Жақсы солдат командирге ұстаз, ал, жаман, ақымақ генерал командир түгілі солдатқа ұстаз бола алмайды.

Соғыстың заңы – өте қатал заң.

Біреудің қатесін орынсыз кешіруге болмайды.

Ақкөңіл деген нәрсенің екі түрі бар: аңғал ақкөңіл, ақылды ақкөңіл.

Жалтақтардың көбі ақымақ, әкімқұмар келеді.

Орынды іске, пайдалы қаталдыққа ешкім өкпелемейді.

Символдық сыйлықтарды қара бастың құлқынына құрбан ету – қасиетсіздік.

Мақтау қауіпті нәрсе. Мақтаудың екі түрі бар: біріншісі – қара ниетті мақтау, екіншісі – ақ ниетті мақтау.

Адамның көзқарасы мен түрі – жан дүниесінің рентгені.

Орынды зіркілдеу – сабақ, орынсыз зіркілдеу – азап. Орынды зіркілдеу жастарды дұрыс жолға, орынсыз зіркілдеу бұрыс жолға салады.

Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.

Ежелден ер тілегі – ел тілегі. Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.

Опасызда Отан жоқ.

Отанда опасызға орын жоқ.

Отаның үшін отқа түс – күймейсің.

Айғаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен басқар.

Тәрбиелі – тәртіптің құлы.

Тәртіпті – елдің ұлы.

Белдескеннің белін сындыр,

Тірескеннің тізесін бүктір!

Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,

Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.

Әдіссіздік – әлсіздік,

Ептілік те ерлік.

Қарабет болып қашқанша,

Қайрат көрсетіп өлген артық.

Берік болмай ерік жоқ.

Жақсы сөз жан сүйсіндіреді,

Бойға қуат бітіреді.

Таяқтан тайсалмасаң,

Семсерден сескенбесең,

Жеңдім дей бер...

Өмір үшін өлгенше күрес.

Тәртіпке бас иген құл болмайды,

Тәртіпсіз ер болмайды.

Өжеттіліктен не пайда,

Ерлігі мен ақылы

Көпті батыр етпесе.

Ерлік елеусіз қалмасын.

Жауыңды жапыра біл,

Баудай түсіре біл.


 
Қиын сәтте тізгініңді босатпай, шапшаң да шебер қимылда.

Жігіт болсаң, жігеріңді жасытпа, қайратыңа қайта мін.

Ұрыста тәуекел ету де – ерлік.

Әрқашан әскери ар-намысыңды сақта,

солдаттық борышыңа адал бол.

Халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз.

Адамның көтеріңкі көңіл-күйі – ұрыста ең айбарлы қару.

Алтын басты болсаң да, ардан артық емессің.

Ашуыңа ақылыңды жеңдірме, өз сабаңнан шығып кетпе.

Әрбір бұйрықтың орындалуы – бұлжымас шарт.

Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден аянба.

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

Хас батыр ұрпағы бардың өлсе де арманы жоқ.

Жеңіс шайқасқа дейін шыңдалады.

Өсер елдің баласы әкеден де асып түсер.

Кішіпейілділік – адамгершілік көркі.

Жауынгерлік борышты өтеу – жеңіспен бірдей.

Тексізден тезек артық, арсыздан айуан артық.

Өзін аяған – дұшпанға дос.

Жанын аяған – тәніне жау.

Қырағының өзі де, көзі де батыр.

Әркім әр жағдайда өледі, ақымақ та, ақылды да өледі.
Бірақ, қалай өлу басқаша.

Тәртіп – тән үшін, ынтымақ – жан үшін керек.

Тізе бүгіп, тірі жүргеннен, тіке тұрып, өлген артық.

Ана үшін аянба – ант ұрады,

Бала үшін аянба – бетің күйеді.

Ел үшін аянба – жігіттілігіңе сын.

Ел дегенде – езіліп, жұрт дегенде – жұмылып істе.

Батыр – батыр емес, батырларды бастаған батыр.

Ашу-ызасыз жек көру мүмкін емес.

Сыртқы тәртіпсіздік – адамның ішкі кемшілігі.

Ұшқынсыз от тұтанбас.

Қашу – жаудан құтылудың жолы емес, өлімнен де жаман, ауыр опасыздық.

Мейірім болмаса сүйе де алмайсың.

Бұйрық – алғыр басшының ой-арманы.

Әскерсіз–қолбасшы қауқарсыз, басшысыз – әскер әлсіз.

Сын ерді шыңдайды,

Қорқақты қинайды.

Адамзатқа өмірден ар қымбат, өлімнен де ұят күшті.

Қорқақ – дөрекі әрі ақымақ.

Батырға Сырдың суы сирағынан келмейді,
қорқаққа батпақ та кедергі, шалшық та бөгет.

Атқа мініп жүре алмайтынға жуас та асау, жебе де қысқа, тартпа да бос, ердің үсті де қолайсыз, тізгін де ұзын көрінеді – барлық сылтауды жайып салады.

Алғырлық ойдың ішкі мазмұнын нұрландырып тұрады.

Қанатты сөздің қарапайым сөзден айырмасын сергек құлақ,
алғыр ой ажыратады.

Ақылгөйлік кейде өнегесіздікке тірейді.

Тәртіп кейде тәртіпсіздікті тудырады.

Екіжүзділіктің балын татып жүргеннен, әділдіктің ащы уын ішкен артық.

Өтіріктің қанатын қомдағанша, ауыртпалықтың жүгінен бүгілген артық.

Өзін сыйламаған басқаны сыйлауға қабілетсіз.

Барлық халық барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті.

Өзінің ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта да алмайды,
ол сөз жоқ арамза, тексіз әрі қаңғыбас.

Ұрлық, опасыздық – бұл ұлттық дәстүрлер емес, ұлттың ішінде көркеуделік.

Ұлттық мақтаныш – сол ұлттың адамы үшін қасиетті әрі бұзылмас заң.

Тәуекелсіз – жеңіс жоқ.

Жаудан қашып емес, қорғанып және шабуылға шығып құтыла аласың.

Ұлттық рух – бұл, асыл қасиет, ұлтшылдық – бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көркеуделік.

Бақаның бағынан, сұңқардың соры артық.

Жақсы командир жауынгерін зор етеді,
жаман командир офицерін қор етеді.

Әр адамның мінезі – астындағы тұлпары.
Соның ағынымен адамдар өмірден зымырап өтіп жатады.

Опынғаныңды айтпа, одан кейінгі ойланғаныңды айт.

Ызаңды айтпа, ызадан соңғы ындының мен ықыласыңды жеткіз.

Алжығанда келген атақ абырой әпермейді.

Жақсы бастық – жарты бақыт.

Ойлы бастық ұқыпты қызметкерді адам етеді.
Ойсыз бастық оқып келген маманды надан етеді.

Еркекті бұзатын екі құмарлық – арақ пен әйел.

Ұлыны ұлы ұғады, дананы данышпан ғана түсінеді.

Елін сүйген жауынгер ер болады.

Жігерсіз сөз жүрекке жетпейді.

Басқа жазушылар сиямен жазса, біз қанымызбен жазамыз.

Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы.



Бауыржан Момышұлы туралы фильм Мәскеуде көрсетіліп жатыр

Бұдан 72 жыл бұрын, 1941 жылы 7 қарашада совет жауынгерлері Мәскеудің Қызыл алаңында өткен әскери парадтан бірден майдан шебіне аттанды. Мәскеуді қорғау шайқасы кейін соғыс қаһармандарының бірі Бауыржан Момышұлы туралы түсірілген фильмге арқау болды.

Қазақ режиссері Мәжит Бегалиннің 40 жылдан астам уақыт бұрын көрсетіле бастаған «Ел басына күн туса» атты фильмі биыл Мәскеуде кезекті мәрте өтіп жатқан «Лучезарный ангел» кинофестиваліне ұсынылып отыр. Ал фильм кейіпкеріне - жазушы әрі қолбасшы Бауыржан Момышұлына қатысты дау көп.

1941 жылы Мәскеу түбіндегі Волоколамск бағытында соғысқан Панфилов дивизиясы жайлы түсірілген «Ел басына күн туса» фильмі оңайлықпен жасалмады. Бірақ режиссер Мәжит Бегалиннің кинокартиналарының көбінің тағдыры осындай. Бірақ бұл фильм ақыры 1968 жылы 8 мамырда прокатқа шықты.
Солдан оңға: Бауыржан Момышұлы, Мәжит Бегалин, Кәукен Кенжетаев және Ғабит Мүсірепов «Ел басына күн туса» фильмінің премьерасында.
​​  «Ел басына күн туса» фильмінің мазмұнын қазіргі жас және орта буын білмейді, өйткені ол фильмді қазір көрсетпейді деуге де болады. Тіпті журналистер де кейде оны көрмей, долбарлап жазып жатады.

Мәселен, республикалық газеттердің бірінде осы туынды туралы "28 панфиловшы батырдың ерлігі туралы фильм" деп жазды. Кино № 316 Панфилов дивизиясының батальоны туралы болғанымен, мұнда ел білетін 28 батыр жайлы бір де бір сөз, бір де бір кадр жоқ. Батальонды сол кездегі аға лейтенант Бауыржан Момышұлы басқаратын. Мұнда 1941 жылы қарашада осы батальон дивизияның негізгі күштерінен бөлініп қалып, Мәскеу түбіндегі Матренино деревнясында дұшпанды тұтқынға алғандағы үш күнннің хикаясы суреттеледі.

Мәскеу қорғанысы - Екінші дүниежүзілік соғыс тарихында маңызды оқиғаның бірі. Мәскеу түбінде 1941 жылдың желтоқсанында Гитлер әскері алғаш рет ірі жеңіліске ұшырады. Бұл жеңіліс соғыстағы гитлерлік Германияның күйреуінің басы еді.
«ПОЛКОВНИК МОМЫШҰЛЫН ӨЛТІРСІН ДЕП БҰЙЫРЫҢЫЗ»

Фильмді шығарушылар Александр Бекпен ғана емес, Жазушылар одағы, барлық советтік фильмдердің цензурасын жүзеге асыратын Госкино – Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетпен де қырғи қабақ болды. Жазушы Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» кітабында Бауыржан Момышұлынан естіген осы оқиға жайлы жазған.

Госкино көзі тірі адам туралы фильм түсіруге болмайды деген себеппен фильмді қабылдап, экрандарға шығарғысы келмеді. Қазақ ССР мәдениет министрі Ілияс Омаров Бауыржан Момышұлынан Мәскеуге барып, фильм түсіруші топқа көмектесуін сұрады. Бастапқыда ол бұл ұсынысты құп көре
«Ел басына күн туса» фильмінің афишасы. Алматы, 1968 ж.
​​қоймай, министрдің табанды өтінішінен соң ғана көмектесуге келісті. Полковник Момышұлыны Мәскеуде өте жақсы танитын, оның беделі жоғары болатын. Сондықтан министр ол қолдап шықса, істің ойдағыдай аяқталатынына сенді.

Келесі күні Бауыржан Момышұлы Мәскеуге келді. Госкиноны сол кезде Алексей Романов басқарып тұрды. Ал фильмнің тағдыры оның орынбасары Владимир Баскаковтың қолында еді. Бірақ Момышұлы Баскаковтың кабинетіне кіре алмады, сөйтіп тікелей Романовқа барып, Баскаковтың фильмді неліктен бөгегенін айтып берді. 

– Егер орынбасарыңыздың көзі тірі адам жайлы фильмге тыйым салу ойы мемлекет деңгейінде қолдау табады деп есептесе, онда қазір «Москва» қонақ үйінің жеті жүз жиырмасыншы нөмірінде тұрып жатқан полковник Момышұлын өлтірсін деп бұйырыңыз. Сонда жолдас Баскаковтың ойы да  іске асады, мемлекеттік ақша да желге ұшпайды. Адамдардың еңбегі де бекерге зая кетпейді, - деді Момышұлы Романовқа.

Алексей Романов қарқылдап күліп, Баскаковқа телефон соғып, былай деп бұйырды:

– Дереу фильмді еш кідіріссіз қабылдаңыз. Ұлы Отан соғысының көптеген батырлары, оның ішінде жолдас Момышұлы да тарихқа көзі тірісінде қаһарман болып енді. Бұл фильм – бүтін бір халықтың ұлттық мақтанышы.
МОМЫШҰЛЫН СОМДАҒАН АКТЕР ОДАН ТЫҒЫЛЫП ЖҮРДІ

«Ел басына күн туса» фильмінде Бауыржан Момышұлын екі актер сомдайды. Жас, соғыс шағындағысын қырғыз Асанбек Өмірәлиев, соғыстан кейінгі кезеңін Кәукен Кенжетаев ойнады.

Фильмді тәмамдаған соң оны «Қазақфильмнің» көркемдік кеңесіне көрсету керек болды. Момышұлының өзін де шақырды. Ал оның мінезі қиын болатын – мұны бәрі білетін. Кәукен Кенжетаев былай еске алады: 
«Ел басына күн туса» фильмінен көрініс. Ортада – Бауыржан Момышұлының майдандағы кезін сомдаған қырғыз актері Асанбек Өмірәлиев. 1967 ж.
​​«Тік мінезді, қатал әрі пікірін, ойын ашық айтатын. Бірдеме дұрыс болмай қалса, бірден сазайыңды тартқызудан да тайынбайтын. Сол себепті мен көркемдік кеңеске баруға сескендім, бәлесінен аулақ деп ұйғардым».

Актер үйде жанын қоярға жер таппай тықыршып отырды. Кенет қоңырау соғылды – Бауыржан Момышұлының өзі екен:

– Сенбісің? Шық!

Кәукен Кенжетаев  далаға шықса, Бауыржан Момышұлы мен Мәжит Бегалин күтіп тұр екен. Актер өзін командир алдындағы жаңа шақырылған солдат сияқты сезінді.

– Жарайсың, құттықтаймын! Хас жауынгер, нағыз командирдің қандай болатынын көрсеттің! - деді де, Бауыржан Момышұлы актерді құшақтады.

Момышұлы содан кейін: «Кәукен – кәрі Бауыржан ғой, ал мен әрқашан да жаспын!» деп жүретін болды.

 


Біздің сұраныс
Оцените мой сайт
Всего ответов: 148

Достар хабары
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Әр түрлі шаралар

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0