Суббота
26.07.2025
06:33
Приветствую Вас Гость
RSS
 
Өнер алды-қызыл тіл
Главная Регистрация Вход
Жаңа ақпарат »
Құрметті тіл жанашырлары және ұстаздар, ізденімпаз оқушыларым мен қонақтарым,қош келдіңіздер!
Сайт мәзірі

Бейнероликтер

Күнтізбе
«  Июль 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Дана халқымыздың «Біліксіз қалар жырақта, білімді жетер мұратқа» - деген өсиетінің өзектілігі күннен күнге өсе түсуде. 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың білім саласын ерекше назарда ұстап, өзінің тікелей қамқорлығына алуы, оны – мемлекеттік даму саясатының өзегі деп қарауы да осының айғағы.
Таяуда ғана өздеріңіз Мемлекет басшысының әлеуметтік дамудың ғаламдық трендін айқындаған мақаласын аса зор жауапкершілікпен талқыладыңыздар. 
Әлеуметтік жаңғыртудың біртұтас моделін жасап, жүзеге асыруға арналған мақаладағы  20 тапсырманың үштен бірі білім мен ғылым саласына қатысты. 
Бұл тапсырмаларды табысты орындайтынымызға сеніміміз мол. Өйткені ел дамуының XXI ғасырдағы стратегиялық өсу нүктесіне айналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында көптеген шаралар жүзеге асырылуда.


Біздің жоспарымыз Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағытымен және елдің даму мақсаттарымен үйлесуі қажет.
Соңғы екі жылда біз Президенттің бірнеше маңызды тапсырмаларын орындадық. Білім жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату үшін көптеген жаңа идеяларды іске асырдық.
Жасалған жұмыс аз емес, бірақ атқаратын іс одан да көп.
Біздің еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. 
Интеллектуалды капитал, еңбек адамы, инновациялық ойлау – жаңа Қазақстанның басты құндылығына айналды.
Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы туралы мақаласында Елбасы білім саласы үшін маңызды тапсырмалар берді.
Бұл – Елбасының әлеуметтік мәселелерге, білім саласына, мұғалімдер мен жастарға көп көңіл бөлетінін көрсетті.
Білім берудің әрбір деңгейі бойынша ауқымды жұмыстар күтіп тұр.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша ел Президенті 2020 жылы балаларды 100% қамту туралы тапсырма берді.
2009 жылы еліміз бойынша қамту – 36% болса, 2012 жылы – 65,4%, ал бірқатар аймақтарда – тіпті 90%-ға жетті.


                

 Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді. (халық мақалы)
 
Ақылдың сөзі - қысқа,айта қалса - нұсқа. (халық нақылы)
 
Ақылды орнымен сөйлер де,жауабын күтер. С.Сараи.
 
Көп ойлап жақсы сөйле - нұсқа болсын,
Сұраса- жауабың да қысқа болсын Ж.Баласағұни.
 
Текті сөз текке айтылмас,
Кекті сөз көпке айтылмас.  (мақал)
 
Жігіттер жаман сөзді кәсіп етпе,
Құрбыңды өзіңе тең басып өтпе. Шал ақын.

 
Адамдар бар жөн-жосықсыз сөзге құмар,
Айтарыңды алдымен ойланып ал.
Асығыс іс істеме, сөз сөйлеме,
Мінездің көк суын төк,қаймағын ал.
    Қ.Нақысбеков.
                               

 
Адамның ең асылы -
Қиянатсыз ақ пейіл.
Ең зиянкес жасығы-
Тайғанақ мінез,екі тіл.Ш.Құдайбердіұлы.
 
Дұшпанға да бол әділ,
Түсірме ойға тат пен ніл.
Ұмытпа, болсаң біздің ұл,
Осы өлеңді құлаққа іл!
                            
 
 
 

2013 жылы 926 білім беру ұйымына e-learning жүйесі енгізіледі. 

2013 жылы Қазақстанда 926 білім беру ұйымын e-learning жобасымен қамту жоспарланған, деп хабарлайды pm.kz сайты үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

«2013 жылы 926 білім беру ұйымына e-learning жүйесі енгізу жоспарланған», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Жалпы алғанда, 2015 жылдың соңына дейін 4138 білім беру ұйымдарына: 2012 жылы - 537, 2013 жылы - 926, 2014 жылы - 1317, 2015 жылы - 1311 мекемеге электронды оқыту жүйесін енгізу көзделген. Осылайша, 2016 жылға дейін білім беру ұйымдарының 50% білім беру үрдісін e-learning жүйесімен оқитын болады. 2020 жылға дейін электронды оқыту жобасымен 90 пайызға дейінгі білім беру ұйымдарын қамту жоспарланған.

Атап өту керек, e-learning электронды білім беру жүйесіне қатысатын білім беру ұйымдарын 4-10 с/Мбит кең көлемді Интернет желісіне қосу қамтамасыз етіледі, оқытушылардың кабинеттердегі жұмыс орындары мен мұғалімдер бөлмесі жеке компьютерлік техникамен, интерактивті қондырғылармен жарақталады.

Бұдан басқа, әр мектеп пен колледжде оқушылар үшін екі: тұрақты және жылжымалы компьютерлік сынып, сондай-ақ кітапханада жұмыс орны ұйымдастырылады. Оқытушылар мен оқушылардың барлық жұмыс орындары, компьютерлер мен ноутбуктер интернетке шығатын болады.

Жоба шеңберінде оқушылардың қолдануы үшін сандық білім беру ресурстары құрылады. 2012 жылы мектептің 6 пәні бойынша және колледждің 8 мамандығының 38 пәні бойынша 7043 электронды ресурс әзірленеді. Жаңа оқу жылында оларды 2-11 сынып оқушылары үшін химия, математика, физика, қазақ тілі сабақтарына енгізілу басталады.

Электронды оқыту жүйесі жобасы Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі, сондықтан оны жүзеге асыру Қазақстанның білім беру жүйесін одан әрі жаңғыртудағы маңызды қадам болады.

Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілді.

Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Астана, Үкімет үйі 2012 жылдың 27 сәуірінен, №536

Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етедi:

1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.

2. «Білім беру мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 213 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 19-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.

Ереженің мәтіні республикалық БАҚ-да жарияланды.

Дүйсенбі күні мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысына кіріседі.

2012 жылғы 6 тамызда ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалағымен

мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын бастайды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Комиссия құрамына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы енді.

Еске салайық, биыл елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеуге 117 мың түлек қатысты. Олардың орташа балы 70,9 пайызды құрады. Ал тестілеуге қатысушылардың 36 пайызы немесе 47 мың түлек сынақ «табалдырығын» еңсере алмады.

Республикалық конкурстық комиссия Білім және ғылым министрлігінің төрағалығымен білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі іріктеу сындары басталды.

Ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырыстың қайта қаралуына байланысты елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына аса жоғары көңіл бөлінді. Бұл ең алдымен білікті педагогика мамандарының даярлануы мен агроөнеркәсіп  кешендерінің дамуы.

Осыған орай, биыл оқу жылында техникалық ғылымдар мен технологияларға 12 мыңға жуық, педагогика мамандықтарына 6600, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық ғылымдарға 2630 білім беру гранты бөлінді.

2012-2013 академиялық жылына бөлінген гранттар саны 34 315-ті құрайды. Және осы гранттарды орналастыру құқығына қазақстандық 80 жоғары оқу орны ие.

Грант тағайындау конкурсын айтатын болсақ, биыл грант иеленуге 67 985 түлек өтініш білдірген (қазақ бөлімі – 48 350, орыс бөлімі – 19 635). Айта кетсек, биыл әр грантқа орташа есеппен алғанда 2,1 талапкер таласады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы талапкерлер арасында Биотехнология, Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, Стандарттау, сертификаттау және метрология,  Ақпараттық жүйелер, Автоматтандыру және басқару, Аударма ісі,  Халықаралық қатынастар,  Дизайн, Құқықтану, Қаржы,  Есеп және аудит,  Экономика,  Халықаралық құқық мамандықтары ерекше сұранысқа ие болған. 

Конкурсқа қатысатын талакерлер:

  • ҰБТ сертификатымен - 54 612; 
  • Кешенді тестілеу - 12 110: 
  • Халықаралық олимпиада жүлдегерлері - 948; 
  • Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектері - 315;
  • "Алтын белгі" иегерлері - 1 305;
  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары - 279;
  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары - 578;
  • Республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары - 695;
  • Жетім  балалар - 470; 
  • Мүгедектер - 320: 

Біздің сұраныс
Оцените мой сайт
Всего ответов: 148

Достар хабары
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Әр түрлі шаралар

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0