Суббота
26.07.2025
06:49
Приветствую Вас Гость
RSS
 
Өнер алды-қызыл тіл
Главная Регистрация Вход
Cпорт жаңалықтары »
Құрметті тіл жанашырлары және ұстаздар, ізденімпаз оқушыларым мен қонақтарым,қош келдіңіздер!
Сайт мәзірі

Бейнероликтер

Күнтізбе
«  Июль 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031





                                                                                        

                  
                                  
           
                                               

 Олимпиаданың алғашқы 4 «алтыны» Қазақ елінің атын әлем жұртшылығына таныта түсті.

Төрткүл дүние көз тіккен Тұманды Альбион еліндегі ХХХ жазғы ойындар бел ортасынан ауып бара жатыр. Әзірше, Қазақ елінің намысын қорғауға атанған спортшыларымыздың нағыз сенім артқан саңлақтары толығымен жарыс жолына шыға қойған жоқ.

Десек те, алғашқы күнде-ақ қоржынымызға Олимпиада «алтыны» түсті. 28 шілде күні велоспорттан тас жолдағы ерлер арасындағы жарыста Александр Винокуров алдына жан салмай мәре сызығын бірінші болып кесті. Айта кетерлігі, мәреге сегіз шақырымнан аз қашықтық қалғанда көшбасшы топта екінші келе жатқан А.Винокуровтың алдындағы шабандоз шұғыл бұрылыста рөлге ие бола алмай құлаған болатын. Міне осы кезде өкшелеп келе жатқан біздің спортшы да оған соқтығыспау үшін жылдамдықты азайтып, көш бастап келе жатқан топтан көп кейін қалуға мәжбүр болды. Дегенмен, бар күшін жұмсаған А.Винокуров мәреге бес шақырым қалғанда топты қуып жетіп қана қоймай, суырылып алға шықты. Осылайша, 250 шақырымдық жарыс жолының соңғы сәттерінде алдына жан салмаған ол, Лондон Олимпиадасында Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына алғашқы «алтынды» салды.


Халықаралық ауыр атлетика федерациясы жария еткен әлемдік рейтингте 53 келі салмақ санатында көш бастап тұрған зілтеміршіміз Зүлфия Чиншанлоға Лондон Олимпидасында зор сенім артқан болатынбыз. Ол сол сенім үддесінен шықты. Зүлфия жарыстың алғашқы жаттығуы жұлқа көтеру сайысында 95 келіні бағындырып, үшінші орынға тұрақтаған болатын. Дегенмен, серпе көтеру сайысының екінші тапсырысында 131 келі көтеріп, әлем рекордын жаңартумен қатар, Олимпиада чемпионы атағын жеңіп алды. Ол екі сайыстың қорытындысы бойынша 226 келіні бағындырды.

   
Үшінші «алтын» да ауыр атлеттеріміздің еншісінде. 63 келі салмақ санатындағы әйелдер арасындағы жарыста Майя Манеза жұлқа көтеру сайысында 110 келілік зілтемірді бағындырып, екінші орынға тұрақтады. Ал серпе көтеруде біздің зілтемірші 135 келіні еркін көтерді. Қорытынды ұпай - 245. Осылайша ол Олимпиада рекордын жаңартты.

 
Қазақстан қоржынында төртінші «алтын», Светлана Подобедова Олимпиада рекордын екі мәрте жаңартты.
Светлана Подобедова – қазақтың үкілеп қосқан тағы бір саңлағы жеңіс тұғырынан көрінді. Мемлекеттік Әнұранымызды төртінші рет Лондон төрінен қалықтатып, төртінші рет Туымызды желбіретті.

 Қазақ елінің намысын қорғаған Светлана Подобедова Қазақстан құрамасының қоржынына 4-ші алтын медальді салды. Сонымен қатар ол жұлқа көтеру жаттығуында бір мәрте әлем рекордын жаңартты.

Алғашқы жаттығуда Светлана 130 келіні бағындырып, Олимпиада рекордын жаңартқан болатын. Дегенмен,  одан кейін жарыс жолына шыққан ресейлік  Наталья Заболотная біздің спортшы көтерген салмақтан 1 келіге артық тапсырыс беріп, Олимпиада рекордын екінші мәрте жаңартуға мүмкіндік алды.

Ал серпе көтеру жаттығуында біздің зілтемірші 156 келі көтеріп, екінші мәрте Олимпиада рекордын жаңартқанды. Іле-шала жарыс жолына шыққан ресейлік  Наталья Заболотная 160 келіні көтеріп, Олимпиада рекордын 2-ші мәрте жаңартты. 

Жарайсыңдар,Алтындар!!!

Көтердіңдер тауды,шалқытып көкке ӘНҰРАН,
Туымыз тұрды асқақтап, ортасында КҮН-ҚЫРАН!
Төгілген тердің өтеуін халқың бағалап,
Айтылар және жазылар талай жыр мен ән.


                                         


 

  Сүйінші! Алаш елінде бесінші алтын!!!

Қуанышты бөліссең,көбейеді...Тағы да бір қуаныш бесінші алтын!

Ел үмітін ер ақтар,айналайын,ел үмітін ақтап,өзіңнің нағыз ер екеніңді бүкіл әлемге мойындаттың! Ақ түйенің қарыны жарылған күн,Қазақстандықтар қуаныш құтты болсын!!! 

                              

             


Алтын медаль таққан Илья Ильин екі дүркін Олимпиада Чемпионы атанды!






      





var container = document.getElementById('nativeroll_video_cont'); if (container) { var parent = container.parentElement; if (parent) { const wrapper = document.createElement('div'); wrapper.classList.add('js-teasers-wrapper'); parent.insertBefore(wrapper, container.nextSibling); } }
Біздің сұраныс
Оцените мой сайт
Всего ответов: 148

Достар хабары
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Әр түрлі шаралар

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0