Ұстаздарға тілек
Әр адам ұстазды қадір тұтады. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған, сондықтан болар осы абыройлы міндетті
атқарып жүргендерді халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр адамның
жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен
мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем болар.
"Ұстаз" сөзінің өзі "Отан", "Ар",
"Адамгершілік" сияқты қасиетті ұғымдардың қатарынан орын тебуінің
өзінде үлкен мән жатыр.
Қазақстанның алдында бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көріну міндеті тұр.
Бұл өз кезегінде ұстаздардың мойнына екі есе жауапкершілік жүктейді. Себебі,
ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де
білікті ұрпақты тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда, құрметті ұстаздар! Білім
берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық,
кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана
шеше алады. Сіздердің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін! "Ұстаз
бақыты - озып туған шәкірті" десе, аттарыңызды Ай-әлемге паш ететін
талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін!
*********
Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек.
Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз.
********
Ел игілігі үшін еңбекпен етене
араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздың өмірі
қиындық пен қуанышқа толы.
*********
Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы
қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша
адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай
мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.
*******
Ұстаз деген ұғым бар, мына дүниеде. Ілмейтінді ілдіретін, білмейтінді білдіретін.
Санаға ақыл ұялататын, арманды алдан қиялататын. Өмірді ұғынуыңа себеп болатын,
тірлікке кіруіңе көмек болатын. Әр кезде аялайтын, дәрісті аямайтын.
Бықсытпайтын, жандыратын. Тұлғалық табиғатын мәңгілік қалдыратын. Ұғымы ұшар
биікпен пара-пар ұстаздың бірінен біздер де тәлім алдық.
*******
Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі
асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір
ұстаздар! Республикалық 45minut.kz басылымына жазған оқушы мақаласы: Атырау қалалық
жалпы білім беретін
Абай атындағы №15 орта мектебінің 9 «А»сынып
оқушысы Кеңесова Әлия Жеткіншекқызы.
Менің ұстазымның
бір күні
Менің сүйікті ұстаздарымның бірі –
информатика пәнінің мұғалімі Искендирова Гүлжанат Әлібекқызы. Өзі әдемі әрі
жас.Жас та болса өз пәнінің шебері.Компьютердің қыр-сырын меңгерген ұстаз.
Гүлжанат апайымыз бар білгенін оқушыларға арнап, жан аямай еңбек етеді.Өткен
оқу жылында мұғалімдердің біліктілігін арттыратын «Өрлеу» білім жетілдіру
курсын оқығанда, біздің сыныбымызды,яғни 8 «А»сыныбын, тәжірибеден өтуде таңдап
алды. Біздің көкірек көзімізді ашып, дүниетанымымызды
кеңейтуде көптеген жұмыстар атқарды.Біздер сабақта өз ойымызды еркін айтып,түрлі шығармашылық
жұмыстар атқардық.Сабақта ән айтып,би де биледік,сурет те салдық,әңгіме,өлең де
жаздық.Информатика пәнінің мұғалімі Гүлжанат апайымының өткізген бір күнінің
өзі бізге шабыт беріп,сабаққа қызығушылығымызды арттырды.
Ұлы ағылшын
ағартушысы Уильям Уорд:
Жай
мұғалім хабарлайды,
Жақсы
мұғалім түсіндіреді,
Керемет
мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дегеніндей
,біздің жанымызға білім дәнін сеуіп қана қоймай,сабаққа
деген ынтамызды арттырды.Ұстазымыздың
өткізетін әр сабағын асыға
күтетін болдық.
Жаңалыққа
жаны құштар жарқылдаған,
Жігер, қайрат бойында сарқылмаған.
Сіздей жандар өмірде көп болса екен,
Жаны жайсаң, ақ ниет аңқылдаған,- деп
информатика пәнінің мұғалімі Гүлжанат Әлібекқызын келе жатқан ұстаздар
мерекесімен құттықтап, зор алғысымды білдіргім келеді. 
Атырау қалалық жалпы білім беретін
Абай атындағы №15 орта мектебінің 9 «А»сынып
оқушысы Кеңесова Әлия Жеткіншекқызы.
Ұстаздық
еткен жалықпас
Абай атамыздың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден
балаға» дегеніндей, 30 жылға жуық ұстаздық қызметтің талай суығын да, ыстығын
да сезініп, соған төзіп келе жатқан Сақпанова Бибіжан Ғарифоллақызы ешқашан
ізденуден,оқушыға қиын пән химияның есептерін шығаруды үйретуден жалыққан емес.Мінезі ұстамды,өзі қарапайым әрі білімді ұстаз. Ұлағатты ұстаздан тәрбие
алған адам жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп,
көркейтеді. Бибіжан апайдың төзімділігі
сондай қанша шаршаса да, есептің шығару
жолдарын үйретіп жібермей қоймайды.Үйреткен нәрселерін жан-жақты терең біледі
де,бізді білімімен қызықтыра,ынталандыра түсіндіріп, білімімізді дамытады. Менің
бойымдағы жасырынып жатқан мүміндігімді ашып,химияға деген қызығушылығымды
арттырды.Химия пәнін біз 8 сыныптан бастап оқыдық.Сол уақыттан бері Бибіжан
апай химия пәнінің тереңіне
бойлатуда. Бүгінгі ғылым мен техниканың қатар
дамыған заманында біз үшін химия пәнінің тереңіне бойлау,қыр-сырын
үйрену аса маңызды деп білемін.
Бибіжан апай-
жауапкершілікті жете сезінетін ерекше еңбекқор жан. Шығармашылық еңбектері
басылым беттеріне шыққан.Шәкірттері- қалалық,облыстық оқушылар арасындағы
ғылыми жоба байқауының,пәндік олимпиаданың жеңімпаздары. Мақтана айтуға тұрарлық жайт,өткен оқу
жылында қалалық пәндік олимпиадаға барған төрт оқушысы да
жүлделі ІІ,ІІІ орынды иеленіп қайтты. Егер аспандағы жарық жұлдыз күн болса,
жердегі жарық жұлдыз – ұстаз дер едім. Өйткені, күн өзінің нұрлы шуағымен бүкіл
әлемге тіршілік нәрін сепсе, ұстаз бар адамзатқа білім нәрін себеді.
Тіршіліктің күнге берер сыйы - өз жемісі болса, ал адамзаттың жеңісі
– ол ұстаз еңбегінің жемісі. Менің қалалық пәндік олимпиададағы
жүлделі ІІ орыным –Бибіжан апайымның еңбегінің жемісі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен
бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель», – десе,менің ұстазым –
Бибіжан Ғарифоллақызы. Жаңашыл тәжірибелерімен танымал,
білім беру саласына ерен еңбегі сіңген
Бибіжан Ғарифоллақызын ұстаздар мерекесімен құттықтай отыра,деніңіз сау
болып, тірлігіңіз қуаныш пен қызыққа толы болсын деп тілеймін.
Республикалық 45minut.kz
басылымы Ұстаздар қауымының төл мерекесі құрметіне «Ұстазым- менің жан
досым» тақырыбында шығармашылық мақалаларға бәйге жариялағаны мен үшін
күтпеген жағдай болды.Ұстаздарыма деген алғысым мен ризашылығымды қалай
білдірсем деп жүр едім.Сондықтан ұйымдастырушы Республикалық 45minut.kz
басылымына көп рақмет айтамын.Шығармашылық жолындағы еңбектеріңіз жарқырап жана
берсін!

|