Суббота
26.07.2025
06:43
Приветствую Вас Гость
RSS
 
Өнер алды-қызыл тіл
Главная Регистрация Вход
Құрметті тіл жанашырлары және ұстаздар, ізденімпаз оқушыларым мен қонақтарым,қош келдіңіздер!
Сайт мәзірі

Бейнероликтер

Күнтізбе
«  Июль 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031





Ақпараттық технология - қазіргі заманның жаршысы.
       Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жоғары санатты мұғалімі -Қыдырова Бақытгүл.
"Ақпараттық технология дәуірінің ұстаздары"жобасына қатысқаныма өте қуаныштымын.Бұл жобаға қатысу арқылы өз білігімді әрі қарай шыңдадым.Соны нәтижесі мінекей.Мұғалім -үнемі ізденіс үстінде ғана мұғалім. Мұғалім мамандығы қиын да қызықты.Мұғалімнің алдынан әр түрлі мамандық иелері жеке тұлға болып қалыптасып шығады.Сондықтан да мұғалім - мәртебелі мамандық иесі.






Жас ұрпақ-ел тірегі ертеніміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. «Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген.



Ұлы ойшылдардың мұғалім туралы ой - пікірлері:

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов


Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.

Мәлік Ғабдуллин


Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.

Жүсіп Баласағұни


Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін

Серке Қожамқұлов


Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.

Спандияр Көбеев


Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.

К.Д.Ушинский


Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз.

Ыбырай Жақаев


Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз.

Л.Н.Толстой


Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.

Ж.Ж.Руссо


Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.

К.Д.Ушинский


Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

В.А.Сухомлинский


Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.

Ы.Алтынсарин


   

                                                        

      
Біздің сұраныс
Оцените мой сайт
Всего ответов: 148

Достар хабары
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Әр түрлі шаралар

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0